03 қазан 2017 13:38

Министрлік бензиннің қымбаттауына ненің себеп болғанын анықтап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Монополияға қарсы органдар энергетика министрі Қанат Бозымбаев атап өткен бензин бағасының көтерілуіне себеп болған факторларды тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Монополияға қарсы органдар энергетика министрі Қанат Бозымбаев атап өткен бензин бағасының көтерілуіне себеп болған факторларды тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жанар-жағармай материалдарының бағасы жайлы. Баға жақында ғана көтерілді және бұл объектив факторлармен байланысты. Мысалы, еліміздегі мұнай өнімдерінің тапшылығы, жанармайдың 40 пайызынан көбі Ресейден импортталуы. Ресейде қазір бензин өте қымбат, АИ-92 бензині тонна үшін 560 доллардан асады. Біз монополияға қарсы органдардың атынан нарықтағы ойыншылардың барлығына сауал жолдадық. Нарыққа және бағаның көтерілуіне әсер етіп жатқан факторларға талдау жасап жатырмыз", - деді ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, бағаның жоғарылуына негіз бар болса, Энергетика министрлігі өздерінің саясаты аясында осы мәселені шешіп, жаңа жылдан бастап Қазақстанды өзінің мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуі керек.

"Жазда көтерілген бағалар жайлы айтатын болсақ, жақында тергеу жұмыстарын аяқтадық. Жанар-жағармай материалдарын көтерме сауда бағасымен сататын бірнеше ірі компания жазаланды. Оларға айыппұл салынды. Қазіргі уақытта сот өтіп жатыр, олар монополияға қарсы органдағылардың әрекетімен келіспей жатыр", - деді Серік Жұманғарин.

Еске сала кетейік, осыған дейін Бақытжан Сағынтаев монополияға қарсы қызметтегілерге бензин бағасына қатысты мәселені шешуді тапсырған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети