Министрлік білім гранттарын үлестіру қорытындысы бойынша түсінік берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"Білім және ғылым министрлігі биылғы грант бойынша сұрақтарға қосымша түсіндіру жүргізуді ұйғарды. Тұрғындар мен БАҚ-тың сұрақтарына ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлзат Көбенова жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Білім және ғылым министрлігі биылғы грант бойынша сұрақтарға қосымша түсіндіру жүргізуді ұйғарды. Тұрғындар мен БАҚ-тың сұрақтарына ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлзат Көбенова жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кез келген ата-ана мен талапкер білім грантынан үмітті екені түсінікті. Биыл министрлік бакалавриат бойынша грант санын 6 мыңға өсірді. Дегенмен, таңдау барысында ескеретін жайт - әртүрлі мамандық бойынша бөлінген гранттар саны да біркелкі деңгейде емес. Нәтижесінде әр мамандық бойынша білім грантын алу үшін белгілі бір деңгейде балл жинау қажет. Дегенмен, бұл - жаңалық емес. Былтыр да, алдыңғы жылы да осылай болған. Сол себепті талапкерлер мамандықтарға қандай бәсеке болатынын білулері үшін әр мамандық бойынша бөлінетін гранттар көлемі жыл сайын ҰБТ өткізілгенге дейін белгілі болады", - делінген түсінікте. 

Сондай-ақ, мамандық таңдау талапкерлер мен олардың ата-аналарының таңдауы екені айтылады. Ведомство өкілінің айтуынша, көбіне заң ісі, қаржы ісі сынды танымал, сондай-ақ, грант саны аз болінген мамандықтарға сұраныс түседі. Оған қоса, талапкерлер нақты бір ЖОО таңдайды. Сондықтан грант алу үшін ҰБТ ұпайлары әртүрлі мамандықтар мен ЖОО-ына қарай өзгешеленеді екен.

Сонымен қатар, ата-аналар ауыл квоталары мен жеңілдіктерді пайдаланатын басқа да категориядағы адамдардың бар екенін де ескеру тиіс, дейді министрліктегілер. Ондай талапкер, айтуларынша, ҰБТ-дан алған ұпай санының төмен болғанына қарамастан грант иегері атанады. Бұл да жыл сайын қайталанатын жағдай.

"Алтын белгі" иегерлері қолданыстағы заңға сәйкес жеңілдік ала алады. Министрлік олардың ҰБТ-дан алған ұпай санын өзге талапкерлерге теңеген заң жобасы қарастырылуға берілген, бірақ әлі қабылданбады. Ол заң күзде қабылдануы мүмкін, сонда ғана "Алтын белгі" иегерлеріне берілетін жеңілдіктер жойылып, басқалармен тең дәрежеде қарастырылады. Қайталап айтқанда, құрамына ЖОО Ассоциациясының, «Атамекен» ҰКП-ның, кәсіподақтар мен басқа да қоғамдық ұйым өкілдерінен кірген республикалық комиссия өз шешімдерін қолданыстағы заң талаптарына сәйкес қабылдаған", - делінген хабарламада. 

Мұнымен қатар, Ұлттық тестілеу орталығы бүгін қоғамдық қабылдау бөлмесін ашып, әр ата-анамен жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі уақытта +7 (71 72) 69 50 76, 69 52 61 номерлеріне хабарласып, қауырт желі арқылы қажетті ақпарат алуға болады.

"Министрлік жоғары балл алған талапкерлерге ЖОО-ның грант тарының бөлінуіне ұсыныс жасайды. Сонымен қатар, министрлік биыл әр облыс әкімдерінің гранттарының бөлінуіне жағдай жасады. Алдағы 2 апта ішінде әкімдіктермен осы бағытта жұмыс жасалады. Бірде-бір талапкер назардан тыс қалмайды", - деп атап өтті Гүлзат Көбенова.

Еске салайық, кеше биылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 509.57  course up  570.44  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer