23 мамыр 2017 | 15:32

Министрлік "Болашақ" тәлімгерлерінің даулы шағымын қарастырып жатыр - Сағадиев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҚР БҒМ және Президент Әкімшілігіне Халықаралық бағдарламалар орталығының басшысына қатысты келіп түскен ұжымдық шағыммен айналысуға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҚР БҒМ және Президент Әкімшілігіне Халықаралық бағдарламалар орталығының басшысына қатысты келіп түскен ұжымдық шағыммен айналысуға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Sputnik Казахстан басылымының мәліметінше, Халықаралық бағдарламалар орталығының қызметкерлері Президент Әкімшілігіне, Бас прокуратураға және ҚР Білім және ғылым министрлігіне өздерінің басшысы Жанболат Мелдешовтің үстінен шағымданған. Бес парақ шағым жазған орталықтың бұрынғы және қазіргі қызметкерлері орталық басшысының өзіне ұнамайтын қызметкерлерін жұмыстан кетуге мәжбүрлеп жүргенін және ол орындарды өзінің адамдардына босатып беруге мәжбүрлеп жатыр. Сондай-ақ, шағымда орталық басшылығы тарапынан кеткен бірнеше заңбұзушылық анықталды.

"Біз ішкі тергеу жұмыстарын бірнеше рет жүргіздік, мұндай деректер анықталмады. Өтініш жазатын болсаңыздар, менің атыма жазыңыздар, сонда біз қызметтік тексеріс жүргіземіз. Бірақ БАҚ арқылы хабарлаған екенсіздер, біз енді тексеріс жүргізіп, сіздерге баяндаймыз", - деді Сағадиев.

Ұжымдық шағымға 25 адамның қол қойғаны айтылады. Сондай-ақ, орталық қызметкерлері жиындардың бірінде түсірілген видеоны көрсеткен. Онда болжам бойынша, басшылардың бірі "Болашақ" түлектеріне тіл тигізіп жатады.

Айта кетейік, "Болашақ" халықаралық стипендиясы 1993 жылы бекітілген. Осы уақытқа дейін 12 мыңнан аса қазақстандық мемлекет есебінен әлемнің үздік ЖОО-ларында оқыды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети