Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда пандемия басталғалы бері COVID-19-дан 6 495 адам қайтыс болғанын растады. Алайда осы уақытқа дейін денсаулық сақтау министрлігі мәліметінде төмендетілген сандар көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда пандемия басталғалы бері COVID-19-дан 6 495 адам қайтыс болғанын растады. Алайда осы уақытқа дейін денсаулық сақтау министрлігі мәліметінде төмендетілген сандар көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметі бойынша, 2020 жылғы коронавирустан қайтыс болғандар туралы статистика кейінірек тіркелген жағдайларды ескере отырып түзетілген.
"Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің Ұлттық статистика бюросы мен Денсаулық сақтау министрлігінің ресми деректері бойынша 2020 жылғы қорытынды бойынша коронавирустан қайтыс болғандар саны - 4 729 адам. Биыл ДСМ жедел деректері бойынша өлім-жітімді талдау қайтыс болғандар саны 2 123 адам екенін көрсетті", - деді ведомство баспасөз қызметі өкілдері.
Осылайша ведомство Қазақстанда пандемия басталғалы бері коронавирустан 6 495 адам қайтыс болғанын растады.
Алайда Денсаулық сақтау министрлігі қате ақпарат көрсетілген мәліметтерді таратуды жалғастырып жатыр.
Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдайды таныстыра отырып, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой COVID-19 жұқтырып қайтыс болғандар көрсеткіші ретінде төмендетілген сандарды көрсеткен.
Коронавирус туралы статистикалық суретте елде коронавирус расталған 4095 адам және коронавирус белгілері бар пневмониямен ауыратын 863 науқас қайтыс болды деген мәліметтер көрсетілген.
Ведомствода қазір денсаулық сақтау министрлігінің ресми ресурсында статистикалық деректерді жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
"Қазіргі уақытта денсаулық сақтау министрлігі ДСМ статистикалық деректерін талдау бойынша жұмыс жүргізді. Осы жұмысты жүргізу кезінде қайтыс болған күні бойынша азаматтық хал актілерін (қайтыс болу туралы куәліктерді) кеш тіркеудің барлық жағдайлары ескерілді. Сондай-ақ патологоанатомиялық және сот-медициналық сараптамалар жүргізген өлім-жітімнің клиникалық зерттеулер хаттамасы негізінде өлімнің түпкілікті себебін нақтылауға байланысты Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне коронвирустан өлім-жітім бойынша деректер енгізілді", - деді Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.
Айта кетейік, бұған дейін Вашингтон университетіне қарасты Медицина мектебінің IHME Денсаулықты бағалау және көрсеткіштер институты Қазақстан коронавирустан қайтыс болғандар саны ең жоғары 20 елдің қатарына кіретінін хабарлаған болатын.
Кейін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирустан қайтыс болғандар саны статистикадан асып кеткені туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!