Министрлік фристайл құрамасындағы жанжалға түсініктеме берді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министрлік фристайл құрамасындағы жанжалға түсініктеме берді Александр Герберт. Видеодан алынған кадр

Бұған дейін қазақстандық спортшы, фристайл (могул) командасының экс-мүшесі Александр Геберт Instagram парақшасында 2020 жылы ұлттық құрамадан не үшін шыққанын түсінбейтіні туралы видео жариялаған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұған дейін қазақстандық спортшы, фристайл (могул) командасының экс-мүшесі Александр Геберт Instagram парақшасында 2020 жылы ұлттық құрамадан не үшін шыққанын түсінбейтіні туралы видео жариялаған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мені 2020 жылы ұлттық құрамадан өз еркіммен кетуге мәжбүр етті, егер өз еркіммен кетпесем "Кәсіби жарамдылық" бабы бойынша жұмыстан шығаратындарын айтып қорқытты. Бірақ бұл шешім мен үшін әділетсіз, өйткені мен спорт шеберімін, халықаралық аренада және ел аренасында жақсы нәтиже көрсеттім. Жаттықтырушыға оның жеке карточкасына аударған ақша туралы сұрағаным үшін ұнамадым", - дейді ол видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alexandr Gebert (@gebert111)

Видеода Александр Геберт бас бапкер спортшыларға мемлекеттен күнделікті өмір сүруге бөлінетін ақшаның қалғанын қайтаруға мәжбір етіп, спортшыларға психологиялқ қысым көрсеткенін айтып шағымданды.

Қазіргі уақытта спортшы оның командадан не үшін шығарылғанын анықтауға тырысып жатыр.

Өз кезегінде Спорт және дене шынықтыру істері комитеті 2020 жылы Александр Геберт комитеттің 2020 жылғы 22 қазандағы бұйрығымен фристайл (могул) бойынша штаттық құрама командасының құрамынан шығарылғанын растады.

"Қағидалардың 11-тармағына сәйкес спорт түрлері бойынша Қазақстан құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелері спорттық нәтижелерді төмендеткені, спорт түрі бойынша Қазақстан құрама командаларының спортшыларын даярлаудың жеке жоспарын жүйелі түрде орындамағаны, елдің допингке қарсы қағидаларын бұзғаны, сондай-ақ спорттық әдеп нормаларын бұзғаны үшін спорт түрі бойынша құрама командалардың құрамынан шығарылады", - деп түсіндірді комитеттің баспасөз қызметі.

Бұл ретте, фристайл (могул) бойынша жаттықтырушылардан комитетке өтініштер немесе шағымдар түспеген.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта комитет Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне, сондай-ақ қаржы мониторингі агенттігіне хат жолдады, онда Александр Геберттің Елена Круглыхинге спортшылардан ақша жинау туралы өтініші бойынша түпкілікті шешім қабылдау туралы ақпарат беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети