Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылында дене шынықтыру сабағында қандай өзгерістер болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылында дене шынықтыру сабағында қандай өзгерістер болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаңа оқу жылында 1-11 сынып аралығындағы балалар аптасына 3 сағат дене шынықтыру сабағын өтеді. Өткен жылдары да осылай болған. Яғни дене шынықтыру сабақтарының саны бойынша ештеңе өзгермейді.
Жаңа оқу жылынан бастап Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес бір сыныптың барлық оқушысы дене шынықтыру сабағын, сондай-ақ басқа да пәндерді бірге оқиды.
"Бұл ретте мектеп бағдарламаларында қыздар мен ұлдардың дене шынықтыру жаттығуларының жекелеген нормативтері бар, олар сабақта міндетті түрде сақталуы тиіс. Яғни мұғалім сыныпты гендерлік принцип бойынша топтарға бөле алады. Мысалы, сабақта сынып қыздар мен ұлдар топтарына бөлінеді, ал мұғалім әр топқа жеке жаттығулар береді. Мұндай әдістемелік тәсілдерді сараланған әдісті қолдану қажет болғанда басқа пән мұғалімдері де пайдаланады", - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.
2021 жылдан бастап балаларға мемлекеттік тапсырыс арқылы жеке ұйымдардағы үйірмелер мен спорт секцияларына қатысуға қосымша мүмкіндік берілгенін атап өткен жөн.
Демек, балалар дене шынықтыру сабақтарында, сондай-ақ кесте бойынша спорт секцияларында аптасына 3 рет дене шынықтырумен айналысады.
2021 жылдан бастап енгізілген тағы бір жаңалық - дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне 3 сағаттық спорт секциясын өткізгені үшін жалақысына қосымша 100 пайыз төлем төлене бастады. Бұл секцияларға да оқушылар қатысады. Мұның бәрі оқу жоспарларының шамадан тыс жүктемесін болдырмай, балалар арасында бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасайды.
Халықаралық тәжірибеде (Жапония, АҚШ, Германия, Корея, Финляндия және т.б.) бір сыныпқа сабақ өткізу үшін екі дене шынықтыру мұғалімін бөлу қарастырылмаған. Көптеген шет елде дене шынықтыру сабақтары аптасына кемінде үш рет өткізіледі, ең көп сағаттар бастауыш сыныптарда.
"Еліміздің білім беру ұйымдарындағы оқу жүктемесінің саны бір дене шынықтыру мұғаліміне орта есеппен 18 сағат, яғни бір мөлшерлемеден сәл артық. Дене шынықтыру мұғалімдері бір мөлшерлемемен жұмыс істеу үшін жеткілікті жүктемемен қамтамасыз етілді, сондай-ақ мектеп директорларына жан-жақты қолдау көрсету тапсырылды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!