Министрлік жылқылардың қырылуына ауа райы кінәлі дейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министрлік жылқылардың қырылуына ауа райы кінәлі дейді Фото: facebook.com/torekenov.torekenov

Маңғыстау облысында жылқылардың қырылып қалуына жем-шөп аз болуы себеп. Бұл өңірдегі климат жағдайының салдарынан болған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында жылқылардың қырылып қалуына жем-шөп аз болуы себеп. Бұл өңірдегі климат жағдайының салдарынан болған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Маңғыстау облысы әкімдігінің шұғыл мәліметіне сүйенсек, нақты жылқы малы қырылған. Мал жаю кезеңі басталғалы шамамен 400 бас мал қырылды, бұл жалпы малға қатысты. Түрлі себеп бар, ветеринарлық қызмет есептеп жатыр. Бірінші кезекте малдың қырылуының алдын алу қарастырылып жатыр", - деп хабарлады ҚР АШМ Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу және қайта өңдеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов.

Шұғыл шара қабылдау үшін республикалық жұмыс тобы құрылып, оған Мәжіліс депутаттары, АШМ өкілдері және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдері кірген.

"Топ 26-30 мамыр аралығында қазіргі жағдайды бағалап, шұғыл шара әзірлеу үшін - мал басын жем-шөппен қамту үшін жолға шыққан. Әкімдік деңгейінде штаб құрылды. Міндеті - жем-шөппен қамту.

Штаб аясында Ақтөбе облысындағы фермерлік шаруашылықтар меморандумға қол қойды. Кеше жедел штаб оқиға орнына шықты. Қазір Ақтөбе облысының Қобда және Ойыл аудандарында жем-шөппен қамтамасыз ету, шөппен қамтамасыз ету үшін арнайы шөп шабу аумақтарын анықтау бойынша келісімдер жасалды. Мал басының бір бөлігі жазғы жайылымды қамтамасыз ету үшін осында тасымалданады", - деді Еркебұлан Ахметов.

"Дайындау жұмыстары басталып кетті, былтырғы қор бойынша 10 мың тонна шөп, жоңышқа бар, бұл көлем Маңғыстау облысына орталықтандырылған жеткізу үшін сатып алынады", - деп толықтырды Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі.

Оның айтуынша, мал азығы тапшылығы климаттық жағдайларға байланысты қалыптасты.

"Қыста қар аз болды, жауын-шашын мөлшері орташа деңгейден төмен болды. Жоғары температура жағдайына байланысты шөп жоқ. Әрине (біз бұл фактіні растаймыз). (...) Соңғы үш жыл ішінде құрғақ жаз мезгілі байқалады, әсіресе өңірдің жоғарғы бөлігінде", - деп атап өтті ол.

Фото: facebook.com/torekenov.torekenov

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында көлге құлап, көтеріле алмайтын қалған жылқыны еріктілер құтқарған болатын. Оқиға Саура сайында болған. "Ақтау қайырымдылық клубы" еріктілері атты құтқару оқиғасын Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети