Алматы облысының прокурорлары Қайрат Жамалиев жазасын өтеп жатқан колонияға аяқ асты тексеріс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысының прокурорлары Қайрат Жамалиев жазасын өтеп жатқан колонияға аяқ асты тексеріс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алматы облысының прокуратурасы "Время" газетінде жазылған ақпараттың растығын тексеру мақсатында 31 тамызда сағат 00:35-те мекемеге толық тексеріс жасады. Тексеріс қорытындысы газетте айтылған VIP-камералар туралы ақпарат расталмады", - дейді ҚР ІІМ-нің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.
Оның айтуынша, ары қарай Қайрат Жамалиевтің жататын орны тексерілген.
"Н.М. Алтынхановтың өтініші бойынша ІІМ-нің Өзікндік қауіпсіздік департаменті Алматы облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары Б.Т Жүнісов пен ЛА-155/14 Б. мекмесінің басшысы Э. Шәріпбековке қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті Сәдубаев.
Оның айтуынша, қызметтік тұлғалар тарапынан жасалған ереже бұзу деректері тәртіптік комиссияда қаралады. Кінәлілерге қатысты қатаң жазалар қолданылады, тіпті жұмыстан шығарылады.