Қазақстан Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы жарылыстар кезінде қаза тапқан төрт әскери қызметшінің тізімі мен фотосуреттерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қазақстан Қарулы Күштерінің жеке құрамы Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасында өрт салдарынан қаза тапқан марқұмдардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, еске алады", - делінген хабарламада.
Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен қызметкері қаза тапты:
старшина Еркін Ерікбайұлы Нәдірбеков, 1979 жылы 8 қазанда туған

сержант Марат Сайлауұлы Мешінбай, 1981 жылы 24 тамызда туған

ефрейтор Руслан Жүрсінбайұлы Жанболатов, 1981 жылы 20 маусымда туған

ҚР ҚК қызметкері Оразбек Дайраұлы Дәлібаев, 1962 жылы 8 ақпанда туған

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!