ҚР энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев журналистердің жанармай жетіспеушілігіне қатысты сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев журналистердің жанармай жетіспеушілігіне қатысты сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Вице-министрге солтүстік және шығыс өңірлердегі жанармай құю бекеттерінде неліктен АИ-92 бензині жоқ екені туралы сұрақ қойылды.
"Расында да, еліміздің бірнеше өңірінде жанармай тапшылығы байқалып отыр. Біз бұл жайлы білеміз. Бірақ мұны бензин жетіспеушілігі деп айтуға болмайды. Ресей Федерациясынан бензин келіп жатыр. Ресейдегі әріптестерімізбен жұмыс істеп жатырмыз. Сондықтан да жанармай жетіспеушілігіне қатысты қандай да проблемалар туындайды деп ойламаймыз", - деді энергетика вице-министрі үкіметте өткен баспасөз-конференциясы барысында.