Министрлік Қазақстанда баға төмендейтінін болжады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министрлік Қазақстанда баға төмендейтінін болжады

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев елімізде тауар арзандайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев елімізде тауар арзандайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат отырысында Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігінің басшысынан Қазақстанда доллар бағамының төмендеуіне байланысты тауар бағасы арзандай ме деген сұрақ қойды.

"Баға төмендейді деп санаймын. Себебі доллар бағамы өскен кезде, импорт арқылы келетін тауарлардың құны көтеріледі. Ал доллар бағамының төмендеуін ескере отырып, импорт тауарлардың бағасы біртіндеп түседі.

Жылдың басында инфляцияның (20 пайыз) жоғары деңгейі байқалып отыр. 2-3 айдан кейін бұл көрсеткіш төмендейді деп санаймыз. Нақтыланған бюджетте инфляция деңгейін 7,5-9,5 пайыз шамасында белгіленді. Атап айтқанда, елімізде тауар бағасы түседі деп есептейміз", - деді Е.Жамаубаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети