Министрлік қазақстандықтарды суды үнемдеуге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министрлік қазақстандықтарды суды үнемдеуге шақырды Фото: pixabay

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Су шаруашылығы қызметкерлері күні қазақстандықтарды суды үнемдеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Су шаруашылығы қызметкерлері күні қазақстандықтарды суды үнемдеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

"Су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Бұл салада өзінің білімі мен тәжірибесін, кәсібіне деген құрметті ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан отбасылық еңбек әулеті көптеп табылады. Сала ардагерлері мен мамандарға адал еңбектері үшін ризашылық білдіргім келеді", - деп жазды Мырзағалиев Twitter желісіндегі парақшасында.

"Мемлекет су шаруашылығын дамытуға баса назар аударады. Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағдарлама әзірленіп, маңызды міндеттер іске асырылуда.

Барша сала қызметкерлеріне зор денсаулық, шаңырақтарына береке, жұмыстарына табыс тілеймін! Қазақстандықтарды суды үнемдеуге шақырамын!", - деді министр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети