Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов коронавирус инфекциясы кезінде қан құю көмектесе ме деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов коронавирус инфекциясы кезінде қан құю көмектесе ме деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Грузияда қан құю коронавирусты емдеу әдісі ретінде қолданылды. Біздің дәрігерлер бұл әдіске қалай қарайды?" деген сұрақ қойылды.
"Денсаулық сақтау саласындағы бірнеше жетекші сарапшылар бүгінде коронавирусқа қарсы панацея жоқ деген пікірге келді. Грузин тәжірибесі де жақсы шығар. Нәтиже беретін кез келген әдіс жақсы. Ең бастысы зиян тигізбеу", - деді министрліктің ресми өкілі.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!