Қазақстанда Ұлттық аза тұту күні Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қайтыс болған дәрігерлерді еске алып, олардың аты-жөнін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда Ұлттық аза тұту күні Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қайтыс болған дәрігерлерді еске алып, олардың аты-жөнін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қатыгез, әлі зерттелмеген бұл індеттен көз жұмғандар саны 375-тен асты, олардың қатарында медицина мамандары - провизорлық, жұқпалы, карантиндік және модульдік стационарлардың қызметкерлері бар.
⠀
Бұл еліміз бен отандық денсаулық сақтау саласы үшін үлкен, орны толмас шығын. Марқұмдардың әрқайсының адам, кәсіби маман, азамат ретінде орны бөлек еді", - делінген министрліктің хабарламасында.
⠀
Бүгін әрқайсының атын атап еске аламыз:
⠀
"Семей медицина университеті" КЕАҚ университеттік госпиталінің жүрек-қан тамырлары хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі (ШҚО) Бекжан Серікбосынұлы Бұланов, 1974 жылғы;
⠀
Медицина ғылымдарының кандидаты, "Семей медицина университеті" КЕАҚ факультеттік терапия кафедрасының ассистенті, университеттік госпиталь гастроэнтерология бөлімінің дәрігері Нұргүл Рамазанқызы Бәркібаева, 1970 жылғы;
Екібастұз қ. (Павлодар облысы) 3 поликлиниканың кіші медицина қызметкері Айгерим Кәкімқызы Мұқашева, 1971 жылғы;
⠀
"Поликлиника 1" ЖШС орта буын медицина қызметкері (Павлодар облысы) Гүлбаршын Хасенқызы Шәріпова, 1960 жылғы;
⠀
"Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы" ШЖҚ КМК орта буын медицина қызметкері Лошманова Ольга Васильевна, 1972 жылғы;
⠀
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының қызметкері, морфологиялық зерттеулер орталығының санитары (Алматы қаласы) Меркуленко Владимир Павлович, 1959 жылғы;
⠀
Байғанин аудандық ауруханасының орта буын медицина қызметкері (Ақтөбе облысы) Егеубай Құлай, 1965 жылғы;
⠀
ҚР ДСМ Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының (Қызылорда облысы) ШЖҚ РМК Арал обаға қарсы күрес станциясы филиалының дәрігері Айсауытов Болатбек Нақыбайұлы, 1968 жылғы;
⠀
Ұзынағаш кенті орталық аудандық ауруханасының дәрігері (Алматы облысы) Алашбаев Бегалидин Байжонұлы, 1984 жылғы;
⠀
"Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы" ШЖҚ МКК дәрігері (Ақмола облысы) Олег Николаевич Исаев, 1967 жылғы;
ШЖҚ МКК Егіндікөл аудандық ауруханасы (Ақмола облысы) орта буын медицина қызметкері Байғабылова Сәуле Олжабайқызы, 1974 жылғы;
⠀
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Көпбейінді медициналық орталық" ШЖҚ МКК дәрігері Қожағалиев Олжабай Мұсаипұлы, 1959 жылғы;
⠀
"№1 Қалалық клиникалық ауруханасы" ШЖҚ МКК хирург дәрігері Мәлібеков Жәнібек Жұмашұлы, 1967 жылғы;
⠀
"Ұзынкөл аудандық ауруханасы" КМК кіші медицина қызметкерлері (Қостанай облысы) Макарова Тамара Георгиевна, 1978 жылғы;
⠀
"Жітіқара аудандық ауруханасы" КМК № 9 мектебінің медбикесі (Қостанай облысы) Новоселова Елена Анатольевна, 1965 жылғы;
⠀
№2 Атырау облыстық ауруханасының консультациялық-диагностикалық бөлімшесінің инфекционисі Дәулетов Жұмабек Бағытұлы, 1956 жылғы; (еңбек өтілі 38 жыл 10 ай)
⠀
Атырау облыстық кардиологиялық орталығының хатшысы Папугина Елена Яковлевна, 1963 жылы туған (еңбек өтілі 22 жыл)
⠀
Атырау облыстық ауруханасының рентгенолог дәрігері Сұлтанғалиев Ғадлет Мамбетжанұлы, 1954 жылы туған (еңбек өтілі 38 жыл 5 ай)
⠀
Алматы облысының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Баймұхамбетов Қайрат Қажыманұлы, 1964 ж. т.
⠀
Қарағанды облысының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы Бұқар жырау аудандық ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және мониторинг бөлімінің бас маманы Айжігітов Бақберген Сағымқожаұлы, 1963 жылғы;
⠀
Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық диагностикалық орталық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Эндоскопиялық диагностика орталығының меңгерушісі Күрекбаев Бауыржан Ордабекұлы, 1960 жылы туған.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық диагностикалық орталық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Эндоскопиялық диагностика орталығының дәрігері Мамаев Қасым Махмудұлы, 1959 жылғы;
⠀
Шымкент қаласындағы "№2 қалалық аурухана" ШЖҚ МКК дәрігері Садиев Орынбасар Әліпбекұлы, 1950 жылғы;
⠀
Шымкент қаласындағы "Жедел медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ МКК фельдшері Әуелбаев Тимур Айдарханұлы, 1976 жылғы;
⠀
Шымкент қаласындағы "№1 Қалалық клиникалық ауруханасы" ШЖҚ МКК бөлім меңгерушісі Әбдіқұлова Мәриям Қабылбекқызы, 1966 жылғы;
⠀
Шымкент қаласындағы "№1 Қалалық клиникалық ауруханасы" ШЖҚ МКК аға медбикесі Байменова Гаухар Аштайқызы, 1970 жылғы;
⠀
Шымкент қаласындағы "№1 Қалалық емхана" ШЖҚ МКК бөлім меңгерушісі Тәжденова Ақзипа Насырқызы, 1962 жылғы.
Бүгін, 13 шілде - Қазақстанда ұлттық аза тұту күні. Бүгін түнде Қазақстанның барлық қаласында мемлекеттік тулар түсірілді. Ал Нұр-Сұлтан уақытымен 12:00-де елде бірминуттық үнсіздік жарияланады.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 59 899-ға жетті, қайтыс болғандар саны - 375. Ал айыққандар саны - 34 190.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!