23 қазан 2017 | 15:02

Министрлік Қытай қазақтары қысым көріп жатыр деген мәліметті тексереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚХР-дағы қазақтар шекара асып, сапарлауға ресми құжат алуда, төлқұжатты қолға алуда қысым көріп отыр деген мәліметті ҚР СІМ мұқият тексеріп жатыр. Бұл туралы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚХР-дағы қазақтар шекара асып, сапарлауға ресми құжат алуда, төлқұжатты қолға алуда қысым көріп отыр деген мәліметті ҚР СІМ мұқият тексеріп жатыр. Бұл туралы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз КХР-дағы қазақтардың, нақтырақ айтсақ, Ұйғыр автономиялық округіндегі Синцзянда шекара асып, сапарға шығарда ресми құжат алуда қиындықтарға тап болып жатқанын анықтадық, КХР-да мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндердің төлқұжат алуында белгілі бір қиындықтарға тап болып жатқанын білдік. Бұл мәселелерді біз мұқият тексеріп жатырмыз, сараптаудамыз, сондай-ақ, мәселені қытайлық әріптестерімізбен талқылап жатырмыз. Біздің СІМ-ге ресми тәртіппен түскен өтінішті назарсыз қалдырмаймыз", - деп сендірді министр.

Айтуынша, ведомство Мемлекет басшысынан шетелдегі қазақ диаспорасының мәселесімен айналысуға тікелей тапсырма алған.

"Қазақ диаспорасының шекарадан тыс жердегі мүддесі әрдайым сыртқысаяси қызметіміздің назарында. Құқықтың тапталуы туралы қандай да бір мәлімет түссе, біз осы мәселелерді қытай тарапының алдында көтереміз. КХР-мен ресми үкіметаралық деңгейде қарқынды диалог бар", - деп атап өтті Әбдірахманов.

Алайда министр Қытайда қазақтар қуғындауға ұшырап жатыр деген мәліметті жоққа шығарды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети