01 тамыз 2020 | 13:14

Министрлік маска тақпаған жағдайда айыппұл қалай салынатынын түсіндірді

© Tengrinews.kz

Денсаулық сақтау министрлігі маска тағу режимін бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібін түсіндірді, ол ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінде анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігі маска тағу режимін бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібін түсіндірді, ол ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінде анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Карантин режимін сақтамағаны үшін азаматтарға қатысты әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін (әлеуметтік қашықтық, адамдар көп жиналатын жерлерде маскасыз жүру және т.б.) дәлел базасын жинаумен ішкі істер органдары және мониторингтік топтар құрамындағы жергілікті полиция қызметі айналысады, кейіннен олар ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғау үшін материалдарды Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне жібереді.

Реклама
Реклама

Ал мемлекеттік органдар мен ұйымдардың карантин режимі кезінде азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары, бостандықтары, заңды мүдделерінің сақталуын қадағалауды прокуратура органдары қамтамасыз етеді. 

5 шілдеден бастап қызметін қайта бастаған әртүрлі меншік нысанындағы объектілердің жұмысына, сондай-ақ тұлғалардың карантин талаптарын сақтауына тексеріс жүргізу мақсатында өңірлерде 779 мониторинг тобы құрылды, олардың құрамына полицейлер, әкімдік өкілдері, "Атамекен" ҰКП, санэпидқызмет органдарының қызметкерлері мен волонтерлер кіреді.

Масканы қандай жағдайда тағу керек? Министрлік түсіндірді

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная