01 тамыз 2020 12:03

Масканы қандай жағдайда тағу керек? Министрлік түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтар қандай жағдайда маска тағу қажет екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтар қандай жағдайда маска тағу қажет екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік хабарлауынша, ашық нысандарда бес жасқа дейінгі балалар, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бес адамнан аспайтын жеке, топ бойынша спортпен айналысатын адамдардың маска тақпауына рұқсат етіледі. 

Егер адам көлікте келе жатса маска тағуы керек пе?

Егер ол қоғамдық көлік (автобус, пойыз, ұшақ, кеме не такси) болса - міндетті түрде тағу керек. Егер жеке көлік болса, маска тағудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, ведомство өкілдері жеке көлікте бір отбасы мүшелерінің маска тағуы міндетті емес екенін, бірақ маска аурудың қаупін 30 пайызға төмендететінін көрсететін ғылыми негіздемені ескере отырып оны тағуды ұсынды. 

Ата-аналар мен балалар есік алдында қыдырып жүргенде маска тағуы керек пе?

Жеке үйдің есік алдында маска тақпауға болады. Ал көп қабатты үйлердің есік алдында бес жасқа дейінгі балаларды және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып қыдырған кездегі жағдайды қоспағанда маска тағу керек.  

Цой бұйрыққа өзгеріс енгізді: балалардың маска тақпауына рұқсат етілді

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети