07 ақпан 2020 | 17:49

Министрлік Нұр-Сұлтанда коронавирус таралды деген қауесетті жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігі Нұр-Сұлтан қаласындағы коронавирус туралы тараған қауесетке жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігі Нұр-Сұлтан қаласындағы коронавирус туралы тараған қауесетке жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше коронавирус жұқтырған студент туралы сыбыс пайда болды. Тексеріс кезінде коронавирус жоғы анықталды. Дегенмен, кей журналистер мен редакторлар бізге, баспасөз қызметіне сұрау салудың орнына осы қауесеттерді Telegram-дағы арналарына таратып жатыр", - деді брифингте Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Ол Нұр-Сұлтанда ауруханаға жеткізілген әйел туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

"Бұл науқас Нұр-Сұлтандағы көпсалалы медициналық орталығының қабылдау бөліміне жеткізілді, оны дәрігер-инфекционист қарады, сондай-ақ лабораториялық-диагностикалық зерттеулер жүргізілді. Диагноз нәтижесі бойынша, ЖРВИ мен коронавирус анықталған жоқ, ауруханаға жатқызуға себеп жоқ. Науқас тұрғылықты жері бойынша тіркелген ауруханаға қаралуға жіберілді. Нұр-Сұлтандағы қалалық емханалар карантинге жабылған жоқ. Күн сайын ҚХР-ден келгендерге мониторинг жүргізіледі", - деді Диас Ахметшәріп.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 7 ақпанда ЖРВИ симптомдары мен қызуы көтерілген 123 адам ауруханаға жеткізілді. Оның 92-сі шығарылды, 31 адам стационарларда қалды. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.

83 эвакуацияланған қазақстандықтың 13-і ЖРВИ-дің жеңіл дәрежесі бойынша ем алып жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети