Министрлік Нұр-Сұлтанға америкалық әскери "Боинг" неге қонғанын түсіндірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министрлік Нұр-Сұлтанға америкалық әскери "Боинг" неге қонғанын түсіндірді Фото:defense.gov

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров АҚШ қарулы күштерінің әскери ұшағы неге Нұр-Сұлтанға қонғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров АҚШ қарулы күштерінің әскери ұшағы неге Нұр-Сұлтанға қонғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенбіде ресейлік Telegram-арналарында "АҚШ әуе күштерінің Boeing C-17A Globemaster III әскери ұшағы" Нұр-Сұлтанға қонды деген хабар тарады.

Смадияровтың айтуынша, ұшақтың келуі - қалыпты тәжірибе.

"Бұл ұшақ америкалық тарап пен біздің арамыздағы келісім бойынша ұшты. Ол дипломатиялық жүкті Америка елшілігіне жеткізді. Мұндай тәжірибе бар. Дипломатиялық поштаны жеткізетін барлық ұшақ АҚШ Әскери-әуе күштеріне тиесілі. Бұған дейін облыстарға, кейбір елдерге хат жеткізген. Ұшақ бір жарым сағат тұрып, поштаны түсіріп, ұшып кетті", - деді Смадияров СІМ брифингте.

Ол әлеуметтік желілердегі болжамға сенбей, тек ресми ақпаратқа сенуді сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети