Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері атеистерді қорлауды діни экстремизмнің көрінісі деп атап, атеистерді қорлағандарға не үшін айыппұл салу керек екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Заң жобасында біз атеистердің құқығын да қорғағымыз келеді. Біздің елде әрбір азамат белгілі бір дінді таңдап, ұстануына құқығы бар, сонымен қатар, атеистік көзқарасты ұстануға да құқығы бар. Бұл турасында әрбір азаматтың бостандығы бар. Алайда қазіргі уақытта қоғамда дін ұстанбағандарды дінсіз және "кәпір" деп айыптайтындар бар. Мұнда қорқытып-үркіту элементтері бар", - деді Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің дін істері комитетінің дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Балғабек Мырзаев ОКҚ-дағы брифингте.
"Бұл діни экстремизмнің көріністерінің бірі. Сондықтан жаңа заң жобасында дін ұстанушыларының ғана емес, атеистердің де құқығын қарастырып жатырмыз", - деп атап өтті ол.
Мырзаевтың айтуынша, заң жобасының аясында атеистердің құқығын бұзғандарға дін ұстанушылардың құқығын бұзғанда берілетін жазамен бірдей жаза қарастырылып отыр. Бұл заңды бұзғандарға 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады.