18 мамыр 2017 | 19:00

Министрлік өкілдері "Бек Эйр" ұшағының ұсталуына қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Инвестициялар және даму министрлігі Астанада әуежайында "Бек Эйр" ұшағының ұсталуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Инвестициялар және даму министрлігі Астанада әуежайында "Бек Эйр" ұшағының ұсталуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2017 жылдың 17 мамыр күні сағат 17.15-те (UTC) тіркеу нөмірі UP-F1009 Фоккер-100 әуе кемесі, БЕК2013 рейсімен "Бек Эйр" АҚ эксплуатанты Астана-Ақтөбе бағыты бойынша ұшпақшы болған. Ұшақ Астана әуежайынан көтерілгеннен кейін экипаж сол жақ негізгі шасси тағанын алып тастамағаны жайлы белгі беріп, әуежайға қайта оралу туралы шешім қабылдады. Әуе кемесі сағат 17.49-да (UTC) әуежайға қайта аман-есен қонған. Әуе кемесінің бортында 6 экипаж мүшесі, 108 жолаушы болған", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 828 қаулысымен бекітілген Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидасының талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы аумағында болған әуе кемесінің авиациялық оқиғасын тексеру жөніндегі комиссия тексеретіні айтылады. Комиссияны құруға бастапқы хабарлама негіз болған.

"Бек Эйр" компаниясының өкілінен авиациялық оқиға жайлы алғашқы мәлімдеме Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментіне келіп түскен.

"Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 276 бұйрығымен аталмыш оқиғаны тексеру жөніндегі комиссия тағайындалды. Тексеру қорытындыларын қосымша хабарлайтын боламыз", - дейді министрлік өкілдері.

Еске сала кетейік, осыған дейін құқық қорғау органдары мен көлік прокуратурасының өкілдері Астана әуежайында "Бек Эйр" ұшағын тоқтатқаны хабарланған болатын. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Бек Эйр" әуе компаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов хабарлаған еді. Оның айтуынша, ұшақ "Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу" (ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы) бабы бойынша жүргізілетін қылмыстық іске байланысты тоқтатылған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети