13 желтоқсан 2016 | 15:10

Министрлік өкілдері Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты жасалатын төлемдерді түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына жасалатын төлемдер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұның алдында Алматы мен Астанада Тәуелсіздік күніне отбасылық жағдайы төмен отбасылар, бюджеттік және әлеуметтік сала қызметкерлеріне бір реттік әлеуметтік көмек алатынын хабарлаған болатын. 


Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына жасалатын төлемдер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұның алдында Алматы мен Астанада Тәуелсіздік күніне отбасылық жағдайы төмен отбасылар, бюджеттік және әлеуметтік сала қызметкерлеріне бір реттік әлеуметтік көмек алатынын хабарлаған болатын. 

ҚР ДСӘД министрлігінің өкілдері мұны жергілікті басқару органдары жекелей шешетін мәселе екендігін айтады. Барлығы қаржылық мүмкіндіктерге байланысты. 

"Республикалық бюджетте ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына қандай да бір сыйақы төлеуге қаражат қарастырылмаған. Яғни, мұндай төлемдер жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне қарай жергілікті атқару органдарының шешімімен жүргізіледі. Немесе нақты қызметкеріне қатысты жұмыс берушінің шешімімен жүргізіледі", - деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Қосымша ақпарат алу үшін қазақстандықтар тұрғылықты (тіркелген) орындары бойынша әкімдіктерге хабарласа алады. 

Мұның алдында жергілікті бюджет есебінен Алматыда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына әлеуметтік осал санаттағы тұрғындар мен бюджеттік және әлеуметтік сала қызметкерлеріне сыйақы әлеуметтік көмек ретінде бір реттік қаржы төленетіні хабарланған. 

Сонымен қатар, Тәуелсіздік күніне 1986 желтоқсан оқиғасына қатысушыларға қатысты Астанада 70 мың теңге, ал Алматыда 50 мың теңге төлеу жоспарланған. 

Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысында (бизнесмендер есебінен) жеңілдік қарастырылған азаматтарға төлем жаслатыны хабарланды. Алматы, Қостанай және Павлодар облыстарында төлем қарастырылмаған. Басқа облыстар бойынша шешім шыққан жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети