Министрлік өңірлердегі шегіртке мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлердегі шегіртке мәселесіне қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлердегі шегіртке мәселесіне қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 2025 жылы ел аумағында шегірткелердің таралу көлемі 2,1 млн гектарға дейін жетуі мүмкін деп болжанып отыр. 14 өңірде 596,3 мың гектар алқапта өңдеу жұмыстары жүргізілген.

"Жұмыстар жоспарға сәйкес, штаттық режимде істеліп жатыр. Оларды ауыл шаруашылығы вице-министрлері, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өкілдері, сондай-ақ, өңірлерде құрылған жедел штабтар бақылауда ұстап отыр. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарындағы ахуалды жеке бақылауына алған", - деп жазылған хабарламада.

Күрес шараларына 443 арнайы бүрку техникасы жұмылдырылып, зерттеу жұмыстарына 4 625 маман тартылған.

"Техника мен препараттар жеткілікті. Сонымен қатар, интернетте және бұқаралық ақпарат құралдарында шегірткелердің жаппай әрі бақылаусыз таралуы туралы шындыққа сәйкес келмейтін хабарламалар мен бейнематериалдар тарап жатыр. Мұндай ақпараттар шынайы жағдайға және зиянкестердің даму сатысына сәйкес келмейді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске саламыз", - деп ескертті министрлік өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысында шегіртке қаптауына байланысты жедел штаб құрылғаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети