Оқу-ағарту министрлігі орыс тілінде оқытатын сыныптарды жабу туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігі орыс тілінде оқытатын сыныптарды жабу туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпаратты Stopfake.kz сайты жариялады. Кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде 6-7 жыл ішінде қазақстандық мектептерде орыс тілінде оқытатын сыныптар жабылатыны туралы ақпарат тарады.
Басылым мәліметінше, "Қазақстанда орыс мектептерінің болашағы бар ма?" материалы екі жыл бұрын 31 арнада "Информбюро" эфирінде шыққан. Оған елордадағы №90 гимназияның директоры Аятжан Ахметжанұлының пікірі БАҚ-та тараған ақпаратқа негіз болған.
"Сюжетте орта білім беру саласындағы үрдістер талқыланды. Сондай-ақ, орыстілді мектептердегі оқушылар санының азаюы сөз болды. Гимназия директоры қалған оқушылар болашақта бәсекеге қабілетсіз болып қалуы мүмкін деген пікірін білдіріп, ата-аналарды мемлекеттік тілді меңгеру үшін балаларды қазақ мектептеріне беруге шақырды. Сонымен қатар, сюжетте Білім сарапшыларының қазақ лигасының вице-президенті Наталья Дрейттің де пікірі ұсынылды. Ол орыс және қазақ мектептері толы және мәселе мұғалімдердің жетіспеушілігінде, ал бұл жағдайды педагогтердің мәртебесі туралы заң өзгертуі тиіс деп мәлімдеді. Бүгінде бұл материал пабликтерде әдейі бұрмаланып жарияланып жатыр", - деп жазды Stopfake.kz "31 арна" өкілдері сөзін.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі орыс тілінде оқытатын сыныптарды жабу туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақ сыныптарында да, орыс тілінде оқытатын сыныптарда да орыс тілі бұрынғыдай оқытылады, басқа жоспар жоқ", - деді Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!