Министрлік пневмониямен ауыратындар саны күрт өсуіне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министрлік пневмониямен ауыратындар саны күрт өсуіне қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов 18 тамызда пневмония анықталған науқастардың саны күрт өсуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов 18 тамызда пневмония анықталған науқастардың саны күрт өсуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өткен тәулікте елімізде 1081 адамнан пневмония анықталғаны хабарланған болатын.

"Мұндай жоғары көрсеткіштерді біз демалыс күндері аламыз. Апта басында мұндай өсім байқалуы мүмкін. Көбі демалыс күндері медициналық ұйымдарға баруды кейінге қалдырады, тіпті белгілер пайда болған жағдайда да ауруханаға бармай қалып жатады. Оған қоса, сенбі-жексенбі күндері емханалар жабық, сондықтан дүйсенбі-сейсенбі күндері көптеген адам келеді. Осыған байланысты осындай өсім тіркеледі", - деді министрліктің ресми өкілі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети