16 қаңтар 2021 | 10:08

Министрлік Ресейдің қазақстандық қызанақтардан вирус табылды деген мәлімдемесіне жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Pixabay.com Фото: Pixabay.com

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері Ресей тарапының қазақстандық қызанақтардан вирус табылды деген мәлімдемесіне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері Ресей тарапының қазақстандық қызанақтардан вирус табылды деген мәлімдемесіне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, 2020 жылдың желтоқсанында мал дәрігерлік және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызмет (Россельхознадзор) Green Capital Kazakhstan, Green Land Alatau ЖШС-нің өнімдерінде қызанақ жемістерінің қауіпті вирусы (Tomato brown rugose fruit virus немесе ToBRFV) анықталғандығы және Greenhouse-Qaztomat ЖШС-гі өндіретін қызанақты алып келуге шектеу енгізгені туралы хабарлама жіберді.

Осыған байланысты ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті шұғыл түрде ресми тексеру ұйымдастырды.

"Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар, сондай-ақ "Фитосанитария" РМК, "Фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" РММ және "Республикалық өсімдіктер карантині орталығы" ММ мамандары ПТР-талдау жүргізу мақсатында сынамаларды алу үшін Greenhouse-Qaztomat ЖШС-де комиссиялық тексеру жүргізді.

Талдау үшін Ресей Федерациясының "Бүкілресейлік өсімдіктер карантині орталығының" жедел тесттері қолданылды. Ықтимал қателер мен келіспеушіліктерді болдырмау үшін зертханалық талдау әдістері ресейлік ұйымның мамандарымен бірге жасалды. Сараптама қорытындысы бойынша "Greenhouse-Qaztomat" ЖШС өнімдерінде ToBRFV вирустары анықталған жоқ.

Сондай-ақ, объективтілік үшін компания өз бастамасы бойынша өнімнің сынамаларын Groen Agro Control тәуелсіз зертханасына (Нидерланды) жіберді. Қосымша зерттеу нәтижелері бойынша жылыжай шаруашылығында вирус анықталған жоқ", - делінген ҚР АШМ хабарламасында. 

Осындай комиссиялық тексерулер Green Capital Kazakhstan және Green Land Alatau жылыжай шаруашылықтарында жүргізілді. Ол жерлерде де вирус анықталмады.

Министрлік мәліметінше, ресми тексерулердің нәтижелері ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі Федералдық қызметке хабарланды.

Еске салайық, мұның алдында Ресей Қазақстаннан әкелінетін қызанақ пен бұрыштың қаупі барын мәлімдеп, елге жеткізуге тыйым салған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети