Министрлік Ресейлік мигранттарды қазақстандықтар ұрып-соқты деген видеоға пікір білдірдіі

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министрлік Ресейлік мигранттарды қазақстандықтар ұрып-соқты деген видеоға пікір білдірдіі

"Жесть дня" Telegram-арнасында Қазақстан қалаларының бірінде түсірілген ер адамды ұрып-соққан видеосы жарияланды. ҚР ІІМ аталған видеоға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жесть дня" Telegram-арнасында Қазақстан қалаларының бірінде түсірілген ер адамды ұрып-соққан видеосы жарияланды. ҚР ІІМ аталған видеоға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz басылымына сілтеме жасап.

Видеода зардап шегуші - Ресей Федерациясынан келген мигрант, ал шабуылдаушылар - Қазақстан азаматтары және жанжалға ұлтаралық алауыздық себеп болған деп көрсетілген.

Ведомство мәліметінше, видеоның Қазақстанда түсірілгеніне дәлел жоқ.

"Қазіргі уақытта ішкі істер органдары осы видео бойынша тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар полицияға өтініш түскен жоқ", – деп түсіндірді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Бұл кадрларды Қазнет пайдаланушылары жарыса талқылап жатыр. Сондай-ақ, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі де арандатушылық бағыттағы, манипуляция ақпараттар көбейіп кеткенін жазды.

"Соңғы кездері ашық арандатушылық бағыттағы, манипуляция ақпараттар көбейіп кетті. Қазақстанда болмаған оқиғаны осы жерде болды деп көрсету, фейк ақпаратты таратудың түпкі мақсаты белгілі.
Қазір елімізде өтіп жатқан халықаралық іс-шаралар мен көптеген елдің лидерлерінің келуі, халықаралық деңгейдегі түрлі тарихи маңызды шешімдердің қабылдануы Қазақстан имиджіне оң әсер етері белгілі. Ал әлгіндей жалған, әдейі жасалған ақпараттық шабуылдар уыздай ұйып отырған ұлттың берекесін кетіру үшін әдейі жасалатыны анық. Сондықтан әсіресе, әріптестеріме әлеуметтік желідегі тексерілмеген ақпараттарға сергек қарап, тек қана дәйекті мәліметтерге сүйенуін сұраймыз", - деп жазды министр.

Мысалы, блогер Ұлан Әбішев ұлтаралық алауыздықты қоздыруға бағытталған бұл видеоны қойылым деп санайды.

"Түрлі ақпараттың, фейктердің көп таралуы, сайттарға жасалған DDoS -шабуылдар - біреулер Қазақстанға қатысты ақпараттық науқан жүргізіп жатқанға ұқсайды", - деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети