Министрлікке Алатау-сити бойынша қаулы шығаруға 5 күн уақыт берілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министрлікке Алатау-сити бойынша қаулы шығаруға 5 күн уақыт берілді

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық экономика министрлігіне бес күн ішінде Алатау қаласына арнайы мәртебе беру туралы жарлықтың жобасын әзірлеп, Үкіметке енгізуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатта қаланың ерекше мәртебесі мен оның Үкіметке тікелей бағынуы ескерілуі тиіс.

"Ұлттық экономика министрлігіне бес күн мерзімде Үкімет аппаратына "Алатау қаласы туралы" Президент жарлығының жобасын Үкіметке тікелей бағынуын ескере отырып пысықтап, енгізу тапсырылсын", – деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ, премьер-министр үш ай ішінде Алатаудың құқықтық режимі мен басқару жүйесіне қатысты заңнамалық актілердің жобаларын әзірлеуді тапсырды.

Айта кетейік, Алатау қаласына Үкіметке тікелей бағынатын арнайы мәртебе беру туралы Жарлық жобасын 10 күн ішінде дайындау қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті Жолдауы барысында мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.24  course down  586.74  course down  6.5  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети