Астанадағы министрліктер ғимаратының маңдайшасындағы атаулары енді екі тілде жазылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы министрліктер ғимаратының маңдайшасындағы атаулары енді екі тілде жазылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрлер үйінің 15-подъезінде орналасқан, жаңадан қайта жасақталған Мәдениет және спорт министрлігінің кіреберісінде "Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі" және "Министерство культуры и спорта Республики Казахстан" деп екі тілде жазылып та қойыпты. Көрші 14-подъездің маңдайшасындағы жазбаны да өзгертіп жатыр. Ал қалғандарынікі әзірге бұрынғы қалпында тұр, яғни оларда мекеме атауы тек мемлекеттік тілде көрсетілген.
Еске сала кетелік, 6 тамызда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы кеңейтілген отырыста үкіметті қайтадан жасақтайтындығын мәлімдеген болатын. Кейбір министрлік пен агенттіктер біріктірілген еді. Үкіметтің жаңа құрамы 12 министрден, 17 министрлікті қосып алғанда шамамен 30 комитеттен, 9 агенттіктен , 54 комитеттен және 272 департаменттен тұрады.