Минскіде Назарбаев, Путин мен Лукашенконың кездесуін Астанада өткізу мүмкіндігі талқыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Минскіде Назарбаев, Путин мен Лукашенконың кездесуін Астанада өткізу мүмкіндігі талқыланды Елші Ерғали Бөлегенов пен Беларусь сыртқы істер министрі Владимир Макей. ҚР СІМ баспасөз қызметі ұсынған фотосурет

Қазақстанның Беларусьтегі елшісі Ерғали Бөлегенов пен Беларусь сыртқы істер министрі Владимир Макей Астанада таяу уақытта Қазақстан, Беларусь, Ресей басшыларының үшжақты кездесуін өткізу мүмкіндігін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елші мен Беларусь сыртқы саясат ведомствосы басшысының кездесуі 20 ақпанда өткен. "Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық алаңдарда, соның ішінде, ТМД мен ЕАЭО шеңберінде өзара әрекеттесу мәселелері талқыланды. Бұған қоса, Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттерінің жуық арада Астанада өткізілуі мүмкін кездесуінің күн тәртібі туралы пікір алмасылды", - делінген хабарламада. 

ҚР СІМ мәліметінше, қазақстандық елші Беларусь сыртқы істер министріне Қазақстан халқы ассамблеясының ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастамасы жөнінде толық мағлұмат берді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети