23 наурыз 2017 | 12:31

Мирзиеев: Өзбек халқы нағыз дос пен бауырының барын сезді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шавкат Мирзиеев ҚР Перзиденті Нұрсұлтан Назарбаевты Өзбекстанға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шавкат Мирзиеев ҚР Перзиденті Нұрсұлтан Назарбаевты Өзбекстанға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, былтыр Самарқанға келгенде Қазақстан әрдайым Өзбекстанмен бірге болатынын айттыңыз. Қуанышты да, қайғыны да бөлісеміз дедіңіз. Бұл сөздер бізді жақындатты, осы арқылы өзбек халқы нағыз дос пен бауырының барын сезді. Досыңыз Ислам Каримовты жерлеуге қатыстыңыз. Содан бері басқаша қарым-қатынас басталды. Сапарыңыз бен достық ілтипатыңыз, өзіңіз айтқандай, бес айда қарым-қатынасымыз жаңғырғындай болды", - деді Мирзиеев кездесу кезінде. 

Ол Өзбекстаннан 250 кәсіпкер Астанадағы форумға қатысатынын атап өтті. 

"Бұл Сіздің Ислам Әбдуғаниевичпен салып кеткен негізді жалғастырады. Бұл көпір нығая береді. Қазақстанға үнемі жақын әрі сенімді көрші ретінде қараймыз. Бүгін Астанада отырғанымыз көп нәрсені білдіреді. Тарихи тамырластығымыздан, бүгінгімізден хабар береді. Әрине, келіссөздерді бастап кеттік, қарым-қатынасымыздың дамуын талқылаймыз. Делегациямызда алғаш рет парламент жетекшілері, қорғаныс мниистрлігінің жетекшілері бар. Бұрын мұндай болған емес", - деп атап өтті Өзбекстан перзиденті. 

Сонымен бірге, Мирзиеев Елбасын Өзбекстанға келуге шақырды. 

"Келіскендей, жиі кездесіп тұрамыз. Сізді Өзбекстанда көруге қуанышты боламын", - деді ол. 

Еске салайық, Шавкат Мирзиеев 2016 жылдың 4 желтоқсанында Өзбекстанда өткен сайлауда 88,61 дауыс жинап, жеңіске жеткен. 14 желтоқсанда ол ресми түрде қызметіне кірісті. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети