Митингіге жұмысқа барғандай шығатын азаматтар бар - ІІМ басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Митингіге жұмысқа барғандай шығатын азаматтар бар - ІІМ басшысы

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев бірнеше қалада өткен заңсыз митингілер кезіндегі тәртіп сақшыларының әрекетіне қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев бірнеше қалада өткен заңсыз митингілер кезіндегі тәртіп сақшыларының әрекетіне қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, кей азамат әлі де тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатуына еріп, көліктер қозғалысын тоқтатып, құқыққорғаушыларға күш көрсетуге тырысады екен. Мұның бәрі тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзатынын айтады. 

"Полиция үшін маңыздысы - қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп. Заңнан аттамайтын тұрғындардың қорықпауына болады. Бірақ митингіге жұмысқа барғандай шығатын кей тұрғын алаңдатады. Олар арандатушылардың ықпалына еріп кеткен, өкінішке қарай, олар бейбітшілік пен тұрақтылық ең құнды нәрсе екенін, оларды бағалауымыз керегін түсінбейді. Сондықтан полиция алдағы уақытта да еліміз мен азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді. Қазақстан халқының татулығы мен тыныштығын күзетіп, қорғау - негізгі міндетіміз", - деді Ерлан Тұрғымбаев құрылымдық бөлімшелер мен аймақтық полиция департаменттері басшыларымен жиналыста. 

ІІМ басшысы құқық қорғаушылардың алдағы уақытта қоғамдық тәртіпті бұзғысы келетіндердің барлық әрекетін тоқтата беретінін айтты. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети