04 қараша 2021 | 09:24

Миы шайқалып, тістері сынған: Павлодарда балаларын ұрған ер адам қамауға алынуы мүмкін

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото ©Tengrinews.kz Иллюстрациялық фото ©Tengrinews.kz

Павлодарда балалар әкесі қолданған жазадан кейін ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда балалар әкесі қолданған жазадан кейін ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға биыл қазанда болған. 7 жасар қызымен және 6 жасар ұлымен үйде отырған әке балаларын тыңдамағаны үшін ұрған. Оның айтуынша, балалар балконға жүгіріп, ескертулеріне құлақ аспаған. Содан кейін күш қолдануға шешім қабылдаған. Кішкентайының бірден екі тісін түсірген. Таяқ жеген, жылаған балаларды 36 жастағы павлодарлық тауып алған. Ал әйелі жұмыстан оралғанда, күйеуі үйде болмаған. Ол бірден полиция шақырып, дәрігерге жүгінген.

"Екі бала да Павлодар облыстық балалар ауруханасының травматологиясына түсті. 2014 жылы туған қыз жұмсақ тіндердің көгеруіне, оң жақ иық сүйегі, жабық бассүйек-ми жарақатына және ми шайқалуына байланысты түсті. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жатқызудан және стационарлық емдеуден бас тартуға қол қойылды", - деп хабарлады өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомство екінші баланың үстіңгі ерні көгергенін хабарлады. Ауруханаға жатқызуға мұқтаж болмаған, бірақ зақым келген тісін жұлдыртқан.

Балаларға қатыгездік жасаған әке қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі павлодарлыққа қатысты ҚР ҚК 140-бабының 2-бөлігі "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының орындамауы, кәмелетке толмаған адамға қатыгездік таныту" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Осы қылмыстық құқықбұзушылық үшін 160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 40 тәулікке дейін қамауға алу көзделеді.

"Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қажет сараптамалар тағайындалды", - деп атап өтті өңірлік ПД баспасөз қызметі.

Полицейлер ер адамның ешқайда кетпеу туралы қолхат жазғанын және қазір отбасынан тыс жерде тұратынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети