Елбасы "Нұр Отан" партиясына аталмыш бағдарламаға бөлінген қаржыны ауылдық деңгейден республикалық деңгейге дейін бақылап отыруды тапсырған болатын. Бұл бағытта республикада 231 комиссия жұмыс істейді. 400 нысанға мониторинг жүргізіліп отыр, деді "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлемдік экономиканың дамуы қазіргі экономика жағдайында бәсеңдеп отыр. Экономикалық күрделі жағдайда "Нұрлы жол" партиясы тығырықтан шығаратын, болашаққа бастайтын бірден-бір жол.

"Бағдарламаны қабылдау көп жағдайда жаһандық дағдарыстың тәуекелдерін жеңуге бағытталған", - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед "Нұр Отан" партиясы фракциясының кеңейтілген жиналысында.
Сондай-ақ, төрағаның орынбасары айтып өткендей, мемлекеттік бағдарлама жүзеге асу кезеңінде 400 мың адам жұмыспен қамтылады.
Мұхтар Кұл-Мұхаммед айтып өткендей, қаржының кеш бөлінуіне қарамастан, аталмыш бағдарлама мемлекет тарапынан 100 пайыздық көрсеткіште қаржыландырылып отыр, орталық және жергілікті меморгандардың міндеті қаражатты жұмсалудың тиімділігін бақылау.
"Елбасы "Нұр Отан" партиясына аталмыш бағдарламаға бөлінген қаржыны ауылдық деңгейден республикалық деңгейге дейін бақылап отыруды тапсырған болатын. Бұл бағытта республикада 231 комиссия жұмыс істейді. 400 нысанға мониторинг жүргізіліп отыр. Бұл жұмысты фракцияның 700 депутаты жүргізіп отыр", - деді ол.
Сондай-ақ, ол 2015-2019 жылдарға 5,3 триллион теңге немесе 16 миллиард теңгеден астам қарастырылып отыр.
"2016 жылы "Нұрлы жол" бағдарламасын қаржыландыру үшін Ұлттық қордан 770 миллиард теңге бөлінді. Бұл Қырғызстанның жылдық бюджетіне тең", - деді ол.