03 сәуір 2021 09:35

ММА және самбодан Қазақстан чемпионы Атырау базарларында рэкетпен айналысқаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: azh.kz Фото: azh.kz

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қала базарларында бопсалаумен айналысқан рэкетир-спортшыларға қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.


Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қала базарларында бопсалаумен айналысқан рэкетир-спортшыларға қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Сот процесі барысында жекпе-жектің әр түрін жақсы меңгерген ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы, сотталушы А.У., 2012 жылы Атырауда үш адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, келесі 8 жыл ішінде "Дина" және "Көктем" базарларындағы ОҚО саудагерлерінен "алым" жинап, бас тартқан жағдайда, тауарларды жоямыз, ұрып-соғамыз немесе өлтіреміз деп қорқытқаны анықталды.

"Сотталушылардың кінәсі сот барысында қаралған дәлелдер жиынтығымен толық расталды. Үкім шыққан кезде, сотталушылардың қылмыстық іс-әрекеттерімен жәбірленушілерге ірі көлемде залал келтірілгені, қылмыс ұйымдасқан топтың құрамында жасалғаны және олардың жасаған істеріне өкінбейтіні ескерілді", - деп атап өтті сот.

33 жастағы ҰҚТ басшысы 7 жыл 1 айға, оның екі "бағыныштысы" әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

"AЖ" мәліметінше, қылмыстық топтың басшысы "жекпе-жек", каратэ, жауынгерлік самбо, джи-джитсу және панкратион бойынша Қазақстан чемпионы. Халықаралық ММА жарыстарында Қазақстанның намысын қорғаған. 2015 жылдың көктемінде Қытайда америкалыққа қарсы турнирде соңғы жекпе-жегін өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен. Сол кезде ол қала базарларын "ұстап тұрған" екен.

Бұған дейін Атырауда облыс орталығының базарларында рэкетпен айналысқан жергілікті спортшылардың соты аяқталып қалғаны хабарланған еді. Оларды былтыр маусымда Атырау облысы ҰҚКД қызметкерлері қолға түсірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети