ММА жаттықтырушысы Хасан Қасымбаевқа қарсы куәлік берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ММА жаттықтырушысы Хасан Қасымбаевқа қарсы куәлік берді видео кадры

ММА файтері әрі жаттықтырушысы Арман Әлімов 2021 жылы ұрланып, соққыға жығылған. Ол өзіне жасалған шабуыл қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ММА файтері әрі жаттықтырушысы Арман Әлімов 2021 жылы ұрланып, соққыға жығылған. Ол өзіне жасалған шабуыл қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Сотта осы істің жәбірленушісі Арман Әлімовтен жауап алынды.

Әлімов сотта шабуылдың қалай болғанын егжей-тегжейлі баяндады.

"Дүкеннің жанында маған бес айыпталушы шабуыл жасады. Жанында дайын тұрған көлік болды. Мадияр қолымды қысып амандасты да, тартып қалды. Біреу аяғымнан ұстап, аудара бастады. Тек соққылар есімде, содан кейін есімнен танып қалдым. Есімді жиғанда көліктің артқы орындығында жатқанымды түсіндім: Руслан аяғымнан ұстап, Мадияр денемді қысып отырды, басымды Ақтанов қысып тұрды. Мені Талғардан тыс жердегі далаға алып барды. Қараңғы түсіп кеткен еді. Жерге лақтырып, тергеуді бастады. Сұлтанбеков пен Асқаров мені бейсбол таяқтарымен ұра бастады", – деді ол.

Жәбірленушінің айтуынша, соққы кезінде шабуылдаушылардың бірі – Мадияр Қалимжанов футболкасын шешіп, оқ жарақатын көрсетіп, жылап тұрып мүгедек болып қалғанын айтқан. Сонымен қатар, ол бұл үшін Әлімовты айыптап, түсінік беруді талап еткен (оқиға 2020 жылы Еңбекшіқазақ ауданында болған атысқа қатысты – еск.).

"Мен Ақтановтың Қасымбаевқа қоңырау шалып, ары қарай не істеу керегін сұрағанын естідім. Руслан бәрін видеоға түсіріп тұрды, өзгелері мені ұрып соғуды жалғастырды. Кейін Қасымбаев оларға күте тұруды бұйырды. Біраздан соң ол көлікпен келді, бірақ ішінен шыққан жоқ. Терезесін түсірді, мен оны көрдім. Ол: "Жетеді, кеттік, біліп қойды, қызметкерлер келе жатыр" деді. Осыдан кейін бәрі тез көлікке отырып, кетіп қалды", - деді Әлімов.

Оның айтуынша, оқиғадан кейін ол таныс таксистке хабарласып, таксист келіп алып кеткен.

Бұған дейін сотта прокурор Ерлан Құланбаев адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (жәбірленуші - ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Әлімов) және бопсалау (жәбірленуші - Әріпжан Тәжиев) істері бойынша егжей-тегжейлі айыптау актісін оқыды.

Кейін прокурор Арман Әлімовтың соққыға жығылуы салдарынан алған жарақаттарына қатысты сот-медициналық сараптаманың қорытындысын жария етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети