"Міндетті түрде назар аударамыз" - ҚМА өкілі Бишімбаевтар отбасының активтері туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Міндетті түрде назар аударамыз" - ҚМА өкілі Бишімбаевтар отбасының активтері туралы © Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Бишімбаевтар отбасының активтеріне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Бишімбаевтар отбасының активтеріне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарларында агенттік сотталған Қуандық Бишімбаевтың отбасының активтерін тексеру туралы петицияға қаншалық назар аударатыны сұралды.

"Жарайды, міндетті түрде назар аударамыз. (...) Петицияның нәтижелерін күтіп, бір жағынан бұл мәселені қарастырамыз. Бұған міндетті түрде назар аударамыз. Уайымдамаңыздар, сіздерге міндетті түрде хабарлаймыз", - деді агенттік өкілі.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда ҚМА Бишімбаевтар отбасына қатысты істерді тергеп жатқан жоқ.

"Бізде тіркелген қылмыстық істер жоқ. Бірақ заңсыз сатып алынған қылмыстық кірістер бойынша тексерістерді тұрақты жүргіземіз. Бұл жұмыстар бізде, егер қылмыстық жолмен алынған және заңдастырылған қандай да бір заңсыз кірістер шықса, біз оларды міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке тартамыз", - деді Елемесов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети