30 маусым 2022 | 15:05

"Мобайл Телеком-Сервис" пен Kcell-ге қатысты тергеу басталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Монополияға қарсы орган "Кселл" АҚ мен "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-ға (Tele2/Altel біріккен компаниясы - еск.) қатысты тергеуді бастады. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Монополияға қарсы орган "Кселл" АҚ мен "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-ға (Tele2/Altel біріккен компаниясы - еск.) қатысты тергеуді бастады. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2022 жылғы 17 маусымда Алматы қаласы бойынша монополияға қарсы департамент "Кселл" АҚ мен "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-ға қатысты монополиялық жоғары бағаларды белгілеу бөлігінде тергеп-тексерулерді бастады.

"Кселл" АҚ-ға қатысты азаматтардың ұялы байланыс операторларының бағасының өсуіне жиі жүгінулеріне байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2020-2021 жылдары ұялы байланыс және мобильді интернет қызметтерінің тарифтерін талдады. Құрамына "Кселл" АҚ және "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС кіретін "Қазақтелеком" АҚ тобының (35 пайыздан астам) үстем жағдайы анықталды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, "Кселл" АҚ талдау кезеңінде ұялы байланыс (орта есеппен 756 теңге) және мобильді интернет (орта есеппен 1765 теңге) қызметтеріне ең жоғары баға белгілеген.

"Мысалы, бірқатар операторда ұялы байланыс қызметтеріне ең төменгі баға орта есеппен 332 теңгені, мобильді интернет қызметтеріне - орта есеппен 1022 теңгені құрады", - делінген ведомство хабарламасында.

Монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерінің анықталуына байланысты, ұялы байланыс және интернет қызметтеріне монополиялық жоғары бағаларды белгілеу белгілері бойынша "Кселл" АҚ-ға қатысты тергеп-тексеру басталды, делінген хабарламада.

"Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-ға қатысты: 2020-2021 жылдары SMS-тарату қызметтері нарығындағы баға мониторингі қорытындысы бойынша агенттік басқа байланыс операторларымен салыстырғанда "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-ның бағаларды өсіргенін анықтады.

Байланыс операторлары 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда SMS-тарату тарифтерін орта есеппен 14,03 пайызға арттырған. Бұл ретте, ең жоғары орташа баға "Қазақтелеком" АҚ тобына кіретін "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-да және "КаР-Тел" ЖШС-мен салыстырғанда "Кселл" АҚ операторларында тіркелді. Бағаның ең жоғары өсу қарқыны "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС мен "Кселл" АҚ-да тіркелді", - делінген хабарламада.

SMS-тарату қызметіне монополиялық жоғары баға белгілеу белгілері бойынша "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС қатысты тергеп-тексеру басталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети