НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАУ. 19 НАУРЫЗ

Мобильді аударымдарда жаңа функция пайда болады - вице-министр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Кәсіпкерлерге мобильді аударымдарды реттейтін түзетулер қабылданғаннан кейін банк қосымшаларында жаңа функция пайда болуы керек. Бұл туралы қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Кәсіпкерлерге мобильді аударымдарды реттейтін түзетулер қабылданғаннан кейін банк қосымшаларында жаңа функция пайда болуы керек. Бұл туралы қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс аясында журналистер "кәсіпкерлер тауарлар мен қызметтер үшін ақша аударымын қабылдағаны қалай тексерілетінін" сұрады.

"Бұл жерде азаматтық қоғамдық бақылау жұмыс істеуі керек. Тауар немесе қызмет үшін төлеген кезде төлем белгісін қалдыру керек. Қазір мобильді қосымшаны пайдаланудың бір ғана жолы бар - "аударма". "Төлем" функциясы пайда болуы керек. Аударымдар туыстар арасында, ал төлемдер тауарлар, жұмыс және қызметтер үшін жасалады. Қолма-қол ақшамен, карточкамен төлегендей", - деп түсіндірді Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, бұл ретте жеке тұлғалар арасындағы мобильді аудармалар қызметі өзгермейді. Ол мобильді төлемдерге көшу үшін қосымша ештеңе талап етілмейтнін айтты.

"Бүгінде мобильді аударымдар кеңінен қолданылып жатыр. Қазір мобильді төлемдерді пайдалануға мүмкіндік береміз. Бұл бизнеске қосымша жүктеме емес, салық мөлшерлемесі, төлем мерзімі, есеп беру тәртібі өзгеріссіз қалады", - деп түйіндеді Сұлтанғазиев.

Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдаған заң жобасына Қазақстандағы мобильді аударымдарды реттеу туралы ереже енгізілген. Заңнама "мобильді төлемдер" түсінігін нақтылайды және уәкілетті орган мен екінші деңгейдегі банктер арасындағы аударымдарға қатысты шаруашылық жүргізуші субъекті мен жеке тұлғалар арасындағы операциялар бойынша ақпарат алмасу өкілеттігін кеңейтеді.

2021 жылдың сегіз айында қазақстандықтар банктердің мобильді қосымшалары арқылы 43,2 триллион теңге аударған.

Айта кетейік, бұған дейін Парламент Мәжілісінде жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдарын реттеу мәселесі талқыланып жатқаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 500.67  course up  546.52  course up  6.04  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer