12 маусым 2023 14:45

Мобильді топ "Алтын Орда" базарында тәулік бойы кезекшілікке кірісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Айнаш Өндіріс Фото ©Айнаш Өндіріс

"Алтын Орда" базарында мобильді топ тәулік бойы кезекшілікті бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.


"Алтын Орда" базарында мобильді топ тәулік бойы кезекшілікті бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.

Министрдің мәлімдеуінше, өткен сенбіде премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен әлеуметтік маңызы бар өнімдерге бағаны тұрақтандыру жөніндегі апта сайынғы кеңесте елдегі және "Алтын Орда" базарындағы баға ахуалы қаралды.

Сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков мәліметінше, "Алтын Орда" базарында мобильдік топ құрылды, оған ҚМА, СИМ, БҚА, ҚМ МКК, ІІМ, ДСМ, ТЖМ, АШМ, Алматы облысы әкімдігінің өкілдері кірді. Топ базарда тәулік бойы кезекшілікті атқара бастады. Көкөніс өнімдерін базарға келушілерге тікелей өткізу мүмкіндігі шаруалардың жүк көліктері үшін тегін 100 орын белгіленді. Сату орындары қолшатырлармен жабдықталған, тұрақты мониторинг үшін камералар орнатылған. Бұл фермерлерге ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалсыз, бірден тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді.

"Алматы облысының әкімдігі мобильді топтың жұмысын күнделікті бақылауда ұстауы қажет. Жүк көліктеріне арналған 100 орын - бұл жазғы маусымға оңтайлы жедел шара. "Алтын Орда" аумағында стационарлық сауда нысандарына орын бөлу қажет. Бұл тек осы базарға ғана қатысты емес, барлық әкімдікке өз өңірлеріндегі базарлар мен ірі сауда нысандары бойынша осындай жұмыс жүргізуді тапсырамын", - деді Серік Жұманғарин.  

"Кеңесте делдалдық схемаларды жою жағдайы да қаралды. Сауда комитетінің мәліметінше, жыл басынан бері комиссиялардың 859 отырысы өткізіліп, 176 өнімсіз делдал алынып тасталды, бір апта ішінде сауда үстемесінен асып кетудің және өнімсіз делдалдарды алып тастаудың 22 фактісі анықталды. Жамбыл облысында 15 пайыздан жоғары сауда үстемесі бар түтікті кеспе, ұн және күріш сатылды. Түсіндіру жұмыстарынан кейін бұл өнімдердің бағасы 10-25 пайыз шегінде төмендеді. Ұлытау облысында сауда үстемесін асырғаны үшін кәсіпкерге ескерту жасалды. Нәтижесінде күнбағыс майы мен қырыққабаттың бағасы 25 пайызға төмендеді", - деді Айдар Әбілдабеков.

Жалпы, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуі 0,1 пайыз. Ең жоғары баға сәбізде (4,4 пайыз), картопта (3,5 пайыз) болды. Сонымен қатар, қырыққабат (-5,4 пайыз), пияз (-1,6 пайыз) бағасының төмендеуі байқалады, күнбағыс майы (-1,7 пайыз), қарақұмық (-1,5 пайыз), жұмыртқа (-1,4 пайыз), құс еті мен тұз (-0,1 пайыз) бағасының төмендеуі жалғасып жатыр.

18 өңірде өсудің ең жоғары индексі белгіленген сәбіз бағасының өсуімен жағдайды жекелеп талданды. Осыған дейін өңірлерге Тараз қаласының өндірушісінен 110 теңгеден сәбіз сатып алу ұсынылды. Алайда сатып алуды тек Астана мен Алматы қалалары ғана жүргізген.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков күзгі-қысқы кезеңге арналған өңірлік тұрақтандыру қорларының резервтерін қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелерін баяндап берді. Қазірдің өзінде 77,6 мың тонна көлемінде күзгі картопты немесе алдағы күзгі-қысқы кезең үшін тұтыну нормасының 85 пайызы, сәбізді - 23,5 мың тоннаны (91пайыз), пиязды - 22,3 мың тоннаны (152 пайыз), қырыққабатты - 16 мың тоннаны (74 пайыз) жеткізуге шарттар жасалды.

"ӘМАТ бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларындағы соңғы өзгерістерді ескере отырып, ӘКК-нің бос қаражатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарын форвардтық қаржыландыру үшін бағыттау қажет. Келісімшарттардың ең аз көлемі бар өңірлер фермерлермен форвардтық шарттар жасасу жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Картоп, сәбіз, пияз және қырыққабат өндірушілерінің тізімі әкімдіктерге жолданды", - деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Кеңес нәтижелерін қорытындылай келе, Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен жасалған күзгі егін жинауға арналған барлық келісімшарттардың үлгілік қағидалардағы және қаржы ағындары бойынша өзгерістерге сәйкестігін тексеруді тапсырды.

"Өзгерістер тек өндірушілерден 9 тауар позициясын сатып алуды талап етеді. Тексеру нәтижелері туралы бір апта мерзімде баяндалсын", - деді Серік Жұманғарин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети