Модульдік аурухана ісінде әзірге күдіктілер жоқ - Алматы прокуратурасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Модульдік аурухана ісінде әзірге күдіктілер жоқ - Алматы прокуратурасы

Алматы прокуратурасы жұқпалы аурулар ауруханасына бөлінген ақшаны жымқыру ісі бойынша кейбір ақпаратты бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы прокуратурасы жұқпалы аурулар ауруханасына бөлінген ақшаны жымқыру ісі бойынша кейбір ақпаратты бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қадағалау органының мәліметінше, биыл 16 қаңтарда Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Іс Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, яғни модульдік жұқпалы аурулар ауруханасын салуға бөлінген "аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру" бойынша тергеліп жатыр.

"Соталды тергеуді тіркеуге Алматы Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қорытындысы негіз болды. Ол 2020 жылдың 21 желтоқсанында жасалды. Қылмыстық іс бойынша адамдар күдікті деп танылмады және ұсталмады. Қазіргі уақытта тергеу органы жоспарланған тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Қорытындының тұжырымдары мен өзге де ақпарат жарияланбайды", - делінген Алматы қаласы прокурорының орынбасары Сәкен Ермекбаевтың қолы қойылған жауапта.

Алматыдағы модульдік аурухана туралы іс: Антикор шу шығармауды сұрайды

Бұған дейін Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жұқпалы аурулар ауруханасына бөлінген ақшаны жымқырды деген күдікпен тергеу жүргізілетінін хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети