13 сәуір 2020 | 10:37

Молдағасымова алматылық дәрігерлердің вирусты неден жұқтыруы мүмкін екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымова жергілікті дәрігерлердің вирусты неден жұқтыруы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматының бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымова жергілікті дәрігерлердің вирусты неден жұқтыруы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, қазіргі уақытта вирус жұқтырған дәрігерлермен байланыста болған барлық адам анықталып жатыр.

"Қай жерде жұмыс істесе де, әрбір адам бірінші кезекте өзінің сақтығын ойлауы керек. Соны біз күні бүгінге дейін айтып жатырмыз. Араласып жүргендер бар, науқастарды қабылдауыңыз мүмкін. Ең бірінші өзіміз қауіпті болуымыз мүмкін дегенді ойды естен шығармау керек", – деді Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.

Айта кетейік, дәрігерлердің індет жұқтырғаны карантин басталғалы 2500-нан аса дәрігерді тексергеннен кейін ғана белгілі болған. 

"Бүгінде инфекциялық-провизорлық ауруханаларда жұмыс істейтін 2500-нан аса дәрігер тестілеуден өтті. Соның ішінде 43 адамның ауырғаны анықталды. Оның 12-сі №12 ауруханада жұмыс істейді",  – деді Молдағасымова.

Бұдан бөлек, вирустың Алматыдағы өзге аурухана дәрігерлеріне қалай жұққаны тексеріліп жатқаны айтылады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети