Молдова күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады: ол 10 жылға сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Молдова Республикасынан ұйымдасқан топтың қатысушысы Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Молдова Республикасынан ұйымдасқан топтың қатысушысы Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері ҚР СІМ көмегімен Молдова Республикасынан қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін әйелді экстрадициялады.

"Күдікті 2021-2022 жылдар аралығында Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа мүшелерімен бірге материалдық баю мақсатында жүйелі түрде заңсыз экономикалық және қаржылық алаяқтықты жүзеге асырған.

Оның рөлі - қаланың белгілі бір банктерінде шоттар ашу, бүркеме мәмілер бойынша алғашқы бухгалтерлік құжаттарда тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету жөніндегі мәмілелерді көрсету бойынша әрекеттерді жүзеге асыру. Қылмыстық топтың салық төлемеу түріндегі заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 1,4 миллиард теңгеге жуық сомада залал келтірілген", - делінген хабарламада.

Бұл қылмыстық топқа қатысушылардың бір бөлігі ұзақ мерзімге сотталған, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынып, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.

"Биыл мамырда ол Молдова Республикасының аумағында ұсталды. Қазақстан Бас прокуратурасының сұраусалуы бойынша Молдова тарапынан күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта ол Алматыдағы тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Қылмысты жасағаны үшiн мүлкi тәркiленiп, он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети