Алматыда кешке соңғы метро бекетінде көп адамның жиналуы байқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда кешке соңғы метро бекетінде көп адамның жиналуы байқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Біз Бауыржан Момышұлы және Абай даңғылының қиылысында орналасқан "Бауыржан Момышұлы" бекеті туралы айтып отырмыз. Әлеуметтік желіде кешкі сағат 18:00 мен 20:00 аралығында түсірілген видео пайда болды. Абай даңғылындағы автобус аялдамасының жанында батыс бағытта көптеген қала тұрғыны жиналған. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл көпшілікті аялдаманың дәл жанында орналасқан метро жолаушылары деп болжады.
View this post on Instagram
Tengrinews.kz тілшісі Алматыда жолаушылар тасымалы саласындағы тәртіп үшін жауап беретін қалалық ұтқырлық басқармасына түсініктеме алу үшін жүгінді. Ведомство мұндай халықтың ағыны қарбалас уақытта салыстырмалы түрде ұзақ уақыт жалғаспайтынын айтты.
"Көлік холдингінің байқау жүйесі бойынша кептеліс кезінде бұл учаскеде автобус күту уақыты 10-15 минут. Содан кейін автобустар келіп, жолаушылар әрқайсысы өз бағыты бойынша жүреді. Көлік холдингіне жолаушылар ағынын талдап, тиісті шара қабылдау үшін учаскелерді анықтау тапсырылды", - деді басқарма.
Сондай-ақ, талдау нәтижелері бойынша маршруттар күшейтілуі мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!