19 наурыз 2014 | 17:20

Момышұлы, Молдағұлова және Мәметованың құрметіне орден мен медальдар тағайындауды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

tengrinews иллюстрациясы tengrinews иллюстрациясы

Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай мемлекеттік сыйлықтар әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерекесін өткізу шеңберінде мемлекеттік сыйлықтар әзірлеуіміз керек. Бұл ретте қазақ халқының батыр ұлдары мен қыздары - Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова т.б. құрметіне ордендер мен медальдар тағайындағанымыз жөн", - деді Мәжілістің пленарлық отырысында Қазақстанның Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдаған генерал Бақытжан Ертаев. Оның айтуынша, сарбаздардан генералдарға дейін барлық әскерилердің моралдық рухын күшейту үшін тәрбиелік және патриоттық жұмыстарды жетілдіретін қосымша шаралар атқару қажет. "Құрметті Серік Нығметұлы, мүдделі мемлекеттік органдарға осы мәселені пысықтауды тапсыруыңызды сұраймын", - деп қорытындылады сөзін депутат.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети