Монғолиядағы қазақ қыздың суреті National Geographic байқауында бірінші орынға ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Монғолиядағы қазақ қыздың суреті National Geographic байқауында бірінші орынға ие болды Фото: instagram.com/alessandra.meniconzi/

National Geographic Travel Photographer of the Year байқауында бірінші орынды Монғолиядан шыққан қазақ қыз бейнеленген "Культура чая" ("Шай мәдениеті") деген фотосурет жеңімпаз деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

National Geographic Travel Photographer of the Year байқауында бірінші орынды Монғолиядан шыққан қазақ қыз бейнеленген "Культура чая" ("Шай мәдениеті") деген фотосурет жеңімпаз деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Суретті швейцариялық фотограф Алессандра Мениконзи 2018 жылдың басында түсіріген. Ол бүркітпен аңға шыққанды ұнататынын айтады.

"Мен бүркітпен аң аулайтын аңшылардың отбасымен бірге қыстаудан, көктемгі лагерьде жүрдім. Моңғолияда өте аз қоныстанған, бірақ жергілікті тұрғындар өте қонақжай. Қазақ мәдениеті үшін шай қонақжайлылықтың ең маңызды элементі. Ол жай сусын ғана емес, ол - ұлттың мәдениетін, салт-дәстүрін, ләззатын және ең бастысы халықтың рәсімін көрсетеді. Суретте Дамель Батыс Моңғолияда аяздан жылыну үшін бір шыныаяқ шай ішіп тұр, үстінде қалың жүнді киім" , - дейді автор өзінің фотосуреті туралы.

Басқа жеңімпаздарды мына жерден табуға болады.

Бас жүлдені "Русалка" атты киттің суретіне табысталды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети