11 наурыз 2020 | 09:25

Моңғолия Қазақстанға бағытталған рейстерді тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Моңғолияда коронавирус тарауына байланысты Ресейге, Түркияға және Қазақстанға бағытталған жолаушылар рейсі тоқтатылды, - деп хабарлайды CentralAsia.


Иконка комментария блок соц сети

Моңғолияда коронавирус тарауына байланысты Ресейге, Түркияға және Қазақстанға бағытталған жолаушылар рейсі тоқтатылды, - деп хабарлайды CentralAsia.

Төтенша жағдай бойынша мемлекеттік комиссияның хабарлауынша, 11-28 наурыз аралығындағы Мәскеу, Стамбул және Нұр-Сұлтанға бағытталған әуе рейстері тоқтатылған. 

Комиссия шешіміне сәйкес, бір әуе компаниясы рейстер тоқтаған кезде шетелдегі моңғолдарды елге қайтарумен айналысады. Сондай-ақ, кездесу барысында Моңғолия азаматтарының Ресейге Моңғолия-Ресей автожолы арқылы өтуіне уақытша тыйым салу және 31 наурызға дейін шетел азаматтарының Ресей арқылы кіруіне тыйым салу туралы шешім қабылданған. 

Одан бөлек, 28 наурызға дейін Ұлан-Батыр-Иркутск-Ұлан-Батыр, Ұлан-Батыр-Мәскеу-Ұлан-Батыр бағытындағы теміржол бағыттары өз жұмысын тоқтатты. 

Ақпанның соңында Моңғолия Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония, Гонконг және Тайваньға рейстерін тоқтатқан. 

Еске салайық, кеше, 10 наурызда Моңғолияда Франция азаматынан коронавирус анықталған болатын. Бұл туралы Моңғолияның вице-премьері Энхтувшин мәлімдеген. Mongolian news agency агенттігінің мәліметінше, 2 наурызда Мәскеу-Ұлан-Батыр бағытымен Моңғолияға ұшып келген Франция азаматының дене қызуы көтерілген. Ал сараптама нәтижесі коронавирусты растаған. Ол карантинге жатқызылған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети