09 қараша 2017 | 16:25

Моңғолия құрамасының сапында өнер көрсететін қазақ жігіті хет-трик жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жансерік Маратханұлы Жансерік Маратханұлы

Қазақ жігіті Жансерік Маратханұлы Моңғолияның футбол тарихында ресми ойындарда бірінші болып хэт-трик жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақ жігіті Жансерік Маратханұлы Моңғолияның футбол тарихында ресми ойындарда бірінші болып хэт-трик жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Бұған дейін Моңғолия футбол тарихында мейлі жастар болсын, мейлі Ұлттық құрама сапында болсын ешкімде ресми кездесулерде үш гол соғып, хэт-трик жасамаған. Маратханұлы хэт-трикті Азия біріншілігінің жастар арасындағы (19 жасқа дейінгі) іріктеу кезеңінде Сингапур құрамасына жасады. Ал ойын жалпы 4:2 есебімен аяқталды.

Кездесу барысында Моңғолия құрамасы 0:2 есебімен жеңіліп жатқан. Содан соң Маратханұлы командасына жеңіске жетуге көмектесті. Бірінші таймның соңында ол пенальтиді сәтті орындаса, екінші таймда қарсы шабуылдан, ал үшінші голды ойынның аяқталуына үш минут қалғанда соқты.

Ойын соңында Сингапур құрамасының екі футболшысы қызыл қағаз алса, қосалқы құрамда отырған тағы бір ойыншы алаңнан қуылды. Осылайша Моңғолия құрамасы сан басымдығын сәтті пайдаланып, қосымша уақытта төртінші голды соқты. 

Дегенмен де бұл жеңіс Моңғолия құрамасын келесі кезеңге алып шықпады. Өйткені, бұған дейін олар Жапония құрамасы (0:7) мен Тайландтан (2:5) жеңіліп қалған еді.

18 жастағы Маратханұлы қазіргі уақытта елдің бас шаһары Ұлан-Батор қаласында тұрып, жергілікті "Дэрэн" клубында өнер көрсетеді. Өткен жылы ол Моңғолия ұлттық құрамасына да шақырту алып, құрама тарихындағы ең жас ойыншы атанды. Бірақ Ұлттық құрама үшін әлі бірде-бір кездесуге қатысқан жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети