Моңғолия президенті елдегі қазақтарды Наурызбен құттықтады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© РИА Новости © РИА Новости

Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга елдегі қазақтарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Президенттің құттықтау сөзі моңғол және қазақ тілінде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі President.mn сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга елдегі қазақтарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Президенттің құттықтау сөзі моңғол және қазақ тілінде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі President.mn сайтына сілтеме жасап.

"Наурыз мейрамы құтты болсын!

Қаһарлы қыстың суық күндерін артқа тастап, көктемнің жайма шуақ күнімен қауышып жатқан қуанышты сәтте Моңғол Елінің түпкір түпкірінде өмір сүретін барлық қазақ аға-бауырларды Наурыз мерекесімен құттықтаймын.

Біріккен ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясының 2010 жылғы мәжілісі "Халықаралық наурыз күні" дүниежүзілік деңгейде белгілеп тойлау туралы шешім қабылдаған. Наурыз барша адамзаттың ортақ мәдениеті, рухани мұрасы.

Ана тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын ғасырлар бойы сол қалпында сақтап, басқаға үлгі болып келе жатқан Моңғолия қазақтары арасынан дүние жүзіне еліміздің атын шығарған, әлемге танымал еңбек майталмандары, мемлекеттік және мәдениет, өнер саласының қайраткерлері, ғалымдар көптеп туып шыққаны бәрімізге мақтаныш.

Қазақ халқының ата-бабадан жалғасып келе жатқан мақтан тұтар тарихын, еңбек жолын қазақ жастары алдағы уақытта жалғастырып, Отанымыздың гүлденіп-өркендеуіне қомақты үлес қосады дегенге кәміл сенемін.

Барша қазақ халқы домбырасын қалықтатып, айтыс ән мен күйін шарықтатып, ауыл-аймақ ақсақал-қарттарға құрмет көрсетіп, бала-шаға отбасымен түгел аман-есен болуларыңызды тілеймін.

Аспан көктің серісі алап қыран тағдырлас асыл Қазақ халқының ісі үнемі ілгері жүріп бақ бақыты тасқындай берсін", - делінген президент құттықтауында. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro