Алматы прокурорлары сұйытылған газ сатумен айналысатын монополист компанияға қатысты соталды тергеп-тексеруді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қадағалау органының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы прокурорлары сұйытылған газ сатумен айналысатын монополист компанияға қатысты соталды тергеп-тексеруді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қадағалау органының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әңгіме Petrosun ЖСШ компаниясы туралы. Компанияның оңтүстік өңірлерде нарықтағы үлесі 77 пайызға жуық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Алматы прокурорлары компания қызметін тексеруге кіріскен. Оларға Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматыдағы департамент қызметкерлері көмектескен.
"Мамандардың айтуынша, былтыр қыркүйектен желтоқсанға дейін Petrosun аймақтағы қызметін асыра пайдаланып, ай сайын автогаз бағасын барынша жоғарылатқан. Нәтижесінде осы кезеңдегі өзіндік құн бір тонна тауарға 323,8 пайызға дейін өсті. Дерек бойынша прокуратура Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 221-бабының 2-бөлігі ("Монополиялық қызметті теріс пайдалану") бойынша қылмыстық іс қозғады", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, соталды тергеу Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер қазіргі уақытта жария етуге жатпайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!